Мектептің педагог-ассистенті Байдаулетова Динараның » Үлкеншыған орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үлкеншыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектептің педагог-ассистенті Байдаулетова Динараның
04
сентябрь
2023

Мектептің педагог-ассистенті Байдаулетова Динараның

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, «Үлкеншыған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагог-ассистентБайдаулетова Динара Хусаиновнаның

2023-2024 оқу жылындағы 8 б сынып оқушысы Сламжан Айзат Қанатқызына   анықама

Сламжан Айзат Қанатқызы 2009 жылы 23 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үлкеншыған ауылында дүниеге келген. Отбасында екі қыз бір ұл тәрбиеленіп отыр, Айзат үйдің кенжесі, ағасы мен әпкесінің денсаулығы жақсы. Анасы Қарлығаш Айзаттың денсаулығына байланысты үй шаруасында, әкесі Қанат жалдамалы жұмысшы. Әлеуметтік жағдайы төмен, мектеп тарапынан әр түрлі көмектер көрсетіліп тұрады. 

       Педагог- ассистент ретінде оқушымен жұмыс жасамас бұрын мақсатым мен міндеттімді айқындап алдым.   

Мақсатым: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес және ПМПК қорытындысыз білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына оқу үрдісіне бейімделуін қалыптастыруда қолдау көрсету, ортаға бейімдеу.

      Міндетім: 

1. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушысын басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесе отырып, баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктерін және оқудағы қажеттіліктерін анықтау.

2. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушысына жеке қолдау көрсету, психологиялық-педагогикалық кабинетте немесе сыныпта сүйемелдеу. 

3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқу процесінде және үйде мінез-құлықпен жұмыс әдістері бойынша кеңес беру.

     Сонымен қатар, оқушымен жұмыс жасамас бұрын Жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап алдым.

        Жұмыстың негізгі бағыттары:

1. Ұйымдастырушылық жұмыс.

2. Мінез-құлық ерекшеліктерін, мәселелерін анықтау және оқушыларды педагог-ассистенттік қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау.

3. Оқушыларға педагог-ассистенттік қолдау және оның тиімділігін бақылау.

4. Кеңестік-әдістемелік қызмет.

5. Өзін-өзі дамыту.

               2023-2024 оқу жылының басталуына материалдар мен жұмыс орнын  жаңа оқу жылына дайындау, оқу құралдарымен методикалық, дидактикалық көрнекілік материалдармен толықтырдым. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушыларын басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесе отырып, баланың мінез – құлығындағы ерекшеліктерін оқу қажеттіліктерін анықтауда жұмыс жүргіздім.



    04.09. 2029 жылы ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес

8 «б» сынып оқушысы Сламжан Айзат Қанатқызына (Легкие нарушения интеллекта. ОНР III уровня ) педагог-ассистент бекітілді. Ата-анамен сұхбат және сауалнамалар жүргізіліп, үйде мінез – құлықпен жұмыс әдістері бойынша кеңес бердім. Сламжан Айзаттың   құжаттамаларын рәсімдеп, бақылау күнделігін жүргіздім. Оқушыға мектепте жеке қолдау көрсетіп, психологиялық- педагогикалық кабинетте немесе сыныпта сүйемелдедім. Жалпы сабақтарынан бөлек арнайы маманмен, мектеп дефектологы және психологімен бірлескен жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жұмысы ұйымдастырылып, жүзеге асырылып жатыр. Сламжан Айзат мектепке келгенді, сыныптастарымен қатар жүргенді  ұнатады. Сыныпта отыруға қарсылық танытпайды. Көңіл - күйі құбылмалы, тез шаршайды, зейіні тез бұзылады. Оқушы түрлі - түсті суреттерге, заттарға қызыға қарайды, бірақ қызығушылығы 3-5 минуттан аспайды. Сөзін толық, түсінікті жеткізе алмайды.

Оқушыны әлеуметтендіруде сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жыл басынан  біраз жұмыс атқарылды. 

        Сабақ барысында Айзатпен сыныпқа кіріп жалпы оқушылармен, сыныптастарымен қатар отырып сабақтарға қатыстым. Көңіл күйі жақсы. Айзаттың мінезі тұйық ашылып сөйлесіп кетпейді, сөйлеу барысында дауысы анық шықпайды, өте баяу қозғалады.   Айзаттың   еңбек сабағына деген қызығушылығы өте жақсы. Суретті жақсы салады. Түстерді толық ажырата біледі. 

      Айзаттың есте сақтау қабілеті төмен, тез ұмытады, тез шаршап қалады.

      Иммунитеті төмен тез ауырып қалады, мектепке деген құштарлығы аз, сыныптастары үзіліс кезінде өзара әңгімелесіп, күлсе , Айзат соның барлығын өзіне тікелей қабылдап , бірден маған қарап күліп отыр деп шағымданады. Жылдың басында алдыға қойған мақсатым, күтілетін нәтижем      

Күтілетін нәтиже:  Ортаға бейімдеу, мінез- құлқына мән беру, өз ойын ашық айтуға , дауысын шығарып сөйлеуге көмек көрсетіп, нәтижеге қол жеткізу. 

   Қорытынды: дегенменде сабағын өте жақсы оқып кетпеседе жылдың басындағы күтілетін нәтижеге қол жеткіздім деп білемін. Қазіргі таңда Айзат жақсы жаққа қарай біршама өзгерді деп сенімді айталамын. 













Похожие публикации:

07 сентябрь 2017 Хаттама
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив