Хаттама » Үлкеншыған орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үлкеншыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2017

Хаттама

                                         

Панфилов ауданы

Үлкеншыған орта мектебі

                                 Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

                                              Хаттама                                       07.қыркүйек  2017жыл

 

Үлкеншыған орта мектебінің әкімшілігі мен қамқоршылар кеңесінің жиналысы болып өтті

 

             Қатысқандар:      

            1.Үлкеншыған ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы заңгер                  

                  Г.Д.Сүлейменова.

            2. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ,ауылдық кәсіпкер:

                   Р.А.Дауров

            3. Кәсіподақ  кеңесінің төрағасы: Е.А.Керейбаев

            4. Ата-аналар үштігі

Күн тәртібінде:

          1. Қамқоршының кеңесінің құрамын сайлау туралы.

          2.Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тұл жетім, жартылай жетім, аз      қамтылған,көп балалы тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға көмек беру туралы.

Тыңдалды:

        Жалпы жиналысты мектеп директоры Б.Е.Дюсембаев : құрметті ата-аналар, бүгінгі таңда ұрпағының ертеңін ойламайтын пенде жоқ.  Бауыр еті баласының болашағы үшін кім алаңдамайды? Әр ата-ана перзентінің ізгілікке,жақсылыққа,туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеп,салт-дәстүрін құрметтейтін азамат болса екен деп армандайды.  Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға болмайды.Cондықтан  мектебімізде тәрбие жұмысын жандандыруда  әр-түрлі іс-шаралар  жүргізілуде. Бала тәрбиесіне тек мұғалімдер ғана емес,ата-аналардың  да атқарар  міндеттері зор екенін  айтып  өтті.

      Бірінші мәселе бойынша  мектеп директоры Бақыт Ермешұлы : қамқоршылық кеңесі білім ұйымының құрылтайшысы екенін айта келе,қамқоршылық кеңесі білім алушылармен  ата-аналардың бастамасы бойынша құрылатынын айтты.

     Қамқоршылық кеңестің негізгі қағидаларында кеңес  құрамына жергілікті басқару органдардан: әлеуметтік педагог, жеке кәсіпкерлер, демеушілік жасап келе жатқан ата-аналарымыз, ауыл имандары  ұсыныла алатынын айтып өтті. Жиналыста ата-аналар дауысқа салынып қамқоршылық кеңесін бір ауыздан  құрды.Қамқоршылық кеңесінің құрамы бес адамнан тұрады.

              Олар:  төрағасы-Р.Дауров-жеке кәсіпкер

                     орынбасары- Д.Таирова-бастауыш мұғалімі

                                            Д.Қалдаубаева-әлеуметтік педагог

                                            А.Шубаева-қазақ тілі мұғалімі,

                                            Г.Велижанова-бастауыш мұғалімі.

      Ата-аналар комитетінің төрағасы Р. Дауров тізімдегі оқушылардың әлеуметтік жағдайларымен жақсы таныс екендігін растайтынын, осындай отбасындығыларды оқушыларға жәрдем беру керектігін айтып өтті.Ата-аналар қолдайтындарына келісті.  

        

 

     

 

 

     Екінші мәселе оқу ісі жөніндегі орынбасары З.Баратова жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен анықталған оқушылардың  тізімімен таныстырып өтті.

    Бұл тізімдегі оқушылардың тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан және Үлкеншыған ауылдық округі әкімшілігі есебіндегі тізіммен сәйкес екендігін айтты.

    Сынып жетекшілер растайтыныдарын айтты,үнемі қадағалайтындарын ескертілді. Мектеп,әкімшілік, ата-ана бірлесе отырып,жұмыс  жүргізейік. Осы өтілетін іс-шаралар бойынша ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болады. Ата-аналар комитетінің төрайымы Р. Дауров өз ойын ортаға салды. Бұл орайда оқушының мінез-құлқын білуде сынып жетекшісімен қоса ата-ананың да ролі зор.Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те.Мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатып,  әлеуметтік төмен отбасыларға үнемі қолдау көрсету керек.

                                           

 

 

 

                                                      Шешім:

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З.И.Баратованың жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен ата-аналарға таныстырылып және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар назарға алынсын.

 

2.  Қамқоршының кеңесінің құрамын сайлау туралы, ата-аналар үшігіне жүктелсін.

 

 

 

 

 

 

                                                                Хатшы                   А.Ж.Шубаева

 

 

           

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

27 октябрь 2016 Әкімшілік
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив