06
сентябрь
2023
Мектеп психологтарының жұмысы
Жетісу облысы,Панфилов ауданы,Үлкеншыған орта мектебі КММ де 4 қыркүйекте, мектеп психологтарының жоспарына сәйкес МАД тобы мен 1 сынып оқушыларының ақыл-ой дамуын және балалардың оқуға дайындығын анықтау мақсатында " Мектептегі оқуға қабілетін зерттеу" әдістемесі жүргізілді. Жұмыс барысында "Амандасу-сәлемдесу", "Шуақты күн", "Мен бәріненде әдемімін" атты дидактикалық ойындар ойнатылды. Мектеп психологы Джапарова Мубаряк Жамалдинқызы оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.