МЕКТЕП ПСИХОЛОГІ » Үлкеншыған орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үлкеншыған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2022

МЕКТЕП ПСИХОЛОГІ

Үлкеншыған орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі     

Мектеп психологтарының I жж есебі .

Мектебіміздегі психологиялық қызмет К.Д.Ушинскийдың  « Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу керек » деген қағидасы негізінде төмендегі мақсат, міндеттермен жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты: Тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық бейімділігін анықтау, зерттеу жұмысын жүргізу.

Міндеттері: 

  • Әрбір даму кезеңінде баланың жан-жақты тұлғалық және интеллектуалдық қалыптасуына ықпал ету;
  • Оқушы жеке тұлғасының психологиялық-педагогикалық зерттеуін ұйымдастыру;
  • Оқушының жеке тұлғасын зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелер комплексін дайындау;
  • Оқушылар арасында дұрыс психологиялық ахуал, қарым-қатынасты қалыптастыру;
  • Оқушыларға психологиялық көмек көрсету, түзету жұмыстарын жүргізу;
  • Мектеп ұжымына көмек көрсету, ұстаздарды психологиялық ақпараттармен қамтамасыз етуді жақсарту;
  • Барлық мәселелерді шешуде баланың  психологиялық дамуын ескерту.


Мектептегі педагог-психологтар туралы мәлімет.

Р

Аты-жөні

Туған күні, айы жылы

Білімі

Бітірген оқу орны

Санаты

Еңбек өтілі

1

Чағатаев Бауыржан Бақытжанұлы

23.03.1985

Жоғары

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогигакалық    университет 2010 жыл


жалпы

13

2

Джапарова Мубаряк Жамалдинқызы

12.08.1985

Жоғары

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогигакалық    университет 2009 жыл


жалпы

15


Психологтың жүргізген бақылаулары мен диагностикалық жұмыстардың негізінде сынып жетекшілерімен біріге отырып, әр балаға жеке психологиялық картасы толтырылды.

    2022 – 2023  оқу жылында бекітілген жоспар бойынша қыркүйек айының жоспары құрылып, 5 бағыт бойынша жоспарға сәйкес, келесі жұмыстар жүргізілді:

 Қыркүйек айының басында психологиялық тұрғыда қолдау көрсету мақсатында балалардың мектепке даярлығы туралы, ата-ана, сынып жетекшілеріне мектепішілік жиналыс ұйымдастырылып, педагог-психологтар тарапынан кеңестер және «150» сенім телефоны туралы ақпараттар берілді.

  Биылғы оқу жылында үйден  оқитын, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың саны – 9. Олар: Қуанышұлы Арнай 1 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Қурабалдиева Г,  Марат Гүлхан 1 сынып оқушысы, сынып жетекшісі МырзахметА, Тохтаева Саадат 2 сынып оқушысы сынып жетекшісі Велижанова С, Ибраева Інжу 2 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Дуйсеғулова С,  Алимжанова Манзура 2 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Велижанова   Г,  Абдувалиев  Самрат   Шухратович 3 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Шарипова Г, Мухамер Аяжан Мәңкеқызы 6 сынып оқушысы, Маметбакиев Нурсултан  Дилмуратович 7 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Юсупова А, Қабимолда Гаухар Жұмабекқызы 8 сынып оқушысы, сынып жетекшісі Сейітхан А,  сынып жетекшісі Ақжолова Ш. Олардың ата-аналры тарапынан өтініш, ВКК анықтамасы және ОПМПК-ның қорытындысы  қабылданып, ДОІЖО сабақ  кестесін құрды.

   Мектеп алды даярлық топтарының ата – аналар жиналыстарына қатысып, оқушылардың ата-аналарымен танысу мақсатында психологиялық тренинг жүргізілді. Жиналыс барысында ата – аналармен баланың арасындағы байланысты бақылау мақсатында  педагог – психолог «Сен өз балаңды жақсы танисын ба?» атты ойын ойнатылды. 

  1 сынып оқушыларынан мектепке бейімделуін анықтау мақсатында,   Керн – Йерасек  әдісі бойынша   «Ер    адамның суретін салу» гр.тест және «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» гр.диктант алынды. Жалпы биылғы оқу жылында бірінші сыныпта 149 оқушы. Қатысқаны: 149 оқушы. Оның ішінде жоғары деңгей 92 оқушы – 64 %, орта деңгей 27 оқушы – 34%. Төменгі деңгей көрсеткен 3 оқушы – 2%.  Алынған сауалнама бойынша қорытынды жасалынып, әр сынып жетекшіні қорытындымен таныстырылып ұсыныстар айтылды.







      Биылғы жылғы оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтауға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және әлеуметтік педагогпен біріге отырып құжаттар жинақталды. Құжаттарды жинақтау барысында мектепте 553 оқушы. Оның ішінде 386 көп балалы, 86 аз  қамтылған, 30 ата-анасы  ажырасқан отбасы, 44  жартылай жетім, өгей әке немесе шешесімен туратын оқушылар 6, 1  оқушы тұл жетім болып тіркелді. Осы аталған оқушыларға психологтар тарапынан жекелей және топтық кеңестер беріліп, кеңес беру журналында тіркелді.

       Қыркүйек-қазан айларында  5 сынып оқушыларының бейімделуін зерттеу мақсатында «өзін-өзі бағалау» графикалык тесті, «Менің сыныбым» әдістемесі,  «Социометрия» әдістемесі және «Оқу мативациясын анықтау» Н.Г.Лускаов әдістемесі алынып, нәтижелері шығарылды. Тест қорытындысы бойынша:




Мектепішілік 7-11 сынып қыздарына   жеке бас   тазалығы туралы мектеп медбикесі және ДТІЖО бірлесе отырып, кеңестер берілді. «WatsApp» желісі арқылы әлімжеттік Буллинг туралы 5-11 сынып ата-аналарына, өз-өзіне қол салудың алдын-алу мақсатында  «Көңіл-күй күйзелісі деген не және одан қалай шығуға болады?», «Интернет: шынайы және қауіпсіз жағдайда қалудың жолдары», «Денсаулықтың құпиясы неде немесе 9 қарапайым ереже?», «Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?» атты   бейнероликтердің нұсқалары жіберілді. 

        5-11 сынып оқушыларынан, оқушылар арасындағы бопсалау, күш көрсету, әлімжеттік әрекеттерін анықтау мақсатында «Жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық» бойынша    жасырын сауалнама  алынды.       Қатысқан оқушы саны: 565.  Жалпы оқушылар арасында зорлық-зомбылық, ақша салу, киім-кешек тартып алу деген жаман қасиет оқушылар бойында анықталған жоқ. Мектеп   оқушыларының бір-біріне деген бауырмашыл сезімі басым. 

Сауалнама соңында  егер бопсалаушылық  жағдайы орын алып  жатқан жағдайда, құқықтық тәрбие менеджері Сабданбеков А  жолығу туралы кеңестер берілді. 

        4,9 сынып оқушыларының қорқыныш, үрей, мазасыздық сезімдерін алдын-алу мақсатында В.Г. Айзенгтің темперамент анықтау тесті алданып, нәтижесі шығарылды. Оқушылардың бойында қорқыныш, үрей, мазасыздық сезімдері анқталмады. 

Қазан айында 5-11сынып оқушыларынан өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында, Темперамент, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау тесті, 5-8 сынып оқушыларынан «Үй-ағаш -адам» әдістемесі, 9-11 сынып оқушыларынан стресс  саған  қалай   әсер  етеді? Тақырыбында оқушыларымен психологиялық жұмыстар жүргізілді.

   Түзету-дамыту жұмысы бойынша; 5-11сыныптарымен оқу жетістігінде олқылығы бар балалармен    миға арналған дамыту сабақтары, Қабілетті балалармен жұмыс ақыл ойды дамытуға арналған жаттығулар сонымен қатар 1-4 сыныптар қол маторикасын дамыту жаттығулары жүрізіліп, бастауыш сынып оқушыларына  «Қисын сыздықтарды тап, не жоғалды?» дамыту сабақтары жүрізілді.

  5 сынып оқушылардың мектепке және орта буынға бейімделуін бақылау  мақсатында   диагностикалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі шығарылып, ДЖК-да қаралды. Сонымен қатар,  «5 сыныптағы жаңа өзгеріске дайынсыз ба, ата-ана?» тақырыбында ата-аналарға  жаднама тартылды.

   Профилактика және психологиялық ағарту жұмысы бойынша;    5-11 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылықтың алдын-алуы бойынша «Өзіңді қылмыскерлерден қалай қорғауыңа болады?» тақырыбында бейне роликтер көрсетіліп, оқушылар тарапынан кері байланыс жасалды.

   Ғаламторға және  компютерлік ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған тест сұрақшасы мектеп оқушыларына жіберіліп, нәтижесі шығарылды. 

  Консультация беру бағыты бойынша; 5-11 сынып ата-аналарға «Стрессті болдырмау жолдары» тақырыбында психологиялық кеңестер беріліп, Кәсіптік бағдар бойынша, 9-сынып білім алушыларына  психологиялық кеңес берілді. 

Жағымсыз ағымдардың ықпалына түсіп қалмау үшін не істеу керек?» және «Апатты жағдайлар кезінде не істеу керек екенін білесіз бе?» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, кеңестер берілді.

11 сынып оқушыларынан «Стресс саған қалай әсер етеді?» тесті алынды. Алынған тесттің нәтижесі шығарылып, бойынан стресс анықталған оқушылармен жекелей кеңестер берілді. 

       Қараша айында 9 сынып оқушыларына «Кәсіптік бағыт-бағдар беру» тақырыбында оқушыларға және олардың ата-аналарына бейнеролик жіберіліп,  кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында жұмыстар жүргізілді. 

Сонымен қатар «Табандылықты зерттеу», «Сенің кәсіби ой-ниетің», «Тұлғалық типті анықтау», «Қызығушылық картасы» атты сауалнамалар алынды.

9-11 сынып оқушыларына «Мамандықты қалай таңдасам екен?», «Бұл жөнінде не білуім керек?» тақырыбында оқушылар бейнероликпен таныс болды. 

ҰБТ-ға қатысатын 11 сынып оқушыларына «ҰБТ- дегеніміз не және оның мен үшін маңыздылығы неде?», «Емтихан кезіндегі стресстен қалай арылуға болады?» тақырыбында  сабақтар өтілді. 

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұқпаушылығына қол сұғатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын-алу, балаларға қатысты зорлықлық – зомбылықты болдырмау, тәуекел топтарындағы отбасыларды ДТІЖО, ИДН – қызметкері, әлеуметтік - педагог пен бірлесе отырып, қоғамдық бақылау қамтамасыз етілді.


Желтоқсан айында    Жасөспірімдер арасындағы «Буллинг», «Кибербуллинг», психикалық денсаулық, ретпродивті денсаулық және т.б. туралы 5-11 сыныптарға бейнероликтер көрсетіліп, кеңестер берілді. 

7-11 сынып оқушыларынан зорлық-зомбылықты анықтау мақсатында сауалнама алынып нәтижесі шығарылды.

5-7 сынып оқушыларынан «Өз құқыңды білесің бе?»  сауалнамасы алынып, топтық кеңестер берілді. 

4-5 сынып оқушыларынан сыныптың ұйымшылдығын, татулығын анықтау мақсатында «Социометрия» әдістемесі алынып, нәтижесі шығарылды. 9-11 сынып оқушылардың ата-аналарына «Кәсіптік бағыт-бағдар беру» тақырыбында бейнероликтер жіберіліп, талқыланды. 



          Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар және сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, зұлымдықты, зорлық-зомбылықты, өз-өзіне қол жұмсамауды, порнографияны, есірткі заттарды, психотропты құралдарды насихаттайтын интернет-ресурстардың жабылуын және бұғатталуын қамтамазыз ету.  «Балаңызды қаншалықты білесіз?» ата-аналарға тақырыбында бейнеролик жіберіліп, талқыланды. 

                        Мектеп психологтары:                     Б.Чағатаев

                                                                                      М.Джапарова



Похожие публикации:

15 сентябрь 2022 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР
04 апрель 2018 Хаттама 2
07 сентябрь 2017 Хаттама
Прокомментировать
  • winkwinkedsmileambelayfeelfellow
    laughinglollovenorecourserequestsad
    tonguewassatcryingwhatbullyangry
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив